Жаңалықтар

Қазақстан Еуразиялық даму банкіндегі үлесін 50%-ға дейін жеткізуге ниетті

Қазақстан Еуразиялық даму банкіндегі үлесін тағы 12,71% – ға арттырып, 50% – ға дейін жеткізуге ниетті. Бұл туралы үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан ЕАДБ-дағы Ресей акцияларының 4,29% -ын шамамен 20 млрд теңгеге сатып алды. Нәтижесінде Қазақстанның үлесі 33% – дан 37,2% – ға дейін өсті. Ерұлан Жамаубаев мәміленің нақты сомасы 2024 жылға арналған бюджетті есептегеннен кейін белгілі болады деп уәде берді. Ол қаңтар айында Қазақстан республикалық бюджетке жүктеме болмас үшін, сатып алынған үлесті 3-4 жыл ішінде, жыл сайын 5 млрд теңгеден төлейтінін нақтылады.

«Біз биылғы жылы бұл үлес одан да көп болады деп күтеміз, шамамен 50%, бұл бізге бұрынғыдан да көп жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Журналистер Жамаубаевтан үкімет Ресейдің үлесін сатып алу кезінде Банк қаражатының бір бөлігі бұғатталғанын білді ме деп сұрады. Жамаубаев бұл мәселе өткен жылы ақшаға әлі бөгеу қойылмаған кезде талқылана бастағанын айтты.

«Қазір қаражаттың бір бөлігі бұғаттауды, бірақ біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мұнда ең бастысы – келіссөздер процесін дұрыс құру, өйткені банктің өзі санкциялар тізімінде жоқ. Тек қаржының белгілі бір бөлігі бұғатталған», – деді ол.

Өткен жылы Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялар аясында ЕАДБ-ның 400 миллион доллар қаражатын бұғаттаған.

ЕАДБ-ның жылдық қаржылық есебінде қазынашылық портфельдегі қаражат пен қарыздардың сомасы өткен жылдың желтоқсан айының соңында 427,14 млн долларды құрайды делінген. 2022 жылдың аяғында қаражатты бұғаттаудан келген шығын 51,4 млн долларды құрады. 2023 жылғы 7 қаңтарда ЕАДБ осы активтерден шектеулерді алып тастау туралы Бельгия мен Люксембургтің реттеуші органдарына өтініш жіберілген.

Жамаубаевтың мәліметінше, бұл сома 700 млн долларға дейін жетеді. Оның айтуынша Үкіметтің мақсаты Еуроодақ билігін бұл қаржының Қазақстанға арналғанына сендіру.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ЕАДБ 2023 жылы шамамен 2 млрд долларға қазақстандық жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр.өз кезегінде Банк басшысы Николай Подгузов ЕАДБ Қазақстанға 1,1 млрд доллар инвестиция салуға, сондай-ақ «қазақстандық жобаларға халықаралық инвестициялардың тартылуына ықпал етуге»ниетті екенін айтты.

«Қаражаттың бұғатталуына қарамастан, банк айналасындағы жағымсыз фонды жою үшін жұмыс іжүргізілуде. Инвестициялық жобалардың 40% – дан астамы біздің елімізге бағытталған, сондықтан біз Еуроодақ билігінен [жұртшылықты] дүрліктірмеуін және бұл ақшаның Қазақстанға келуі үшін сенсация жасамауын сұраймыз», – дейді Жамаубаев.

Алайда, ол ЕАДБ қаражатының бұғатталуына байланысты тоқтап қалуы мүмкін нақты жобаларды «жағдайды нашарлатпау үшін»атағысы келмеді. Ол келіссөздердің аяқталуын күту керек екенін атап өтті.

Ресейдің ЕАДБ – дағы үлесінің қысқаруы туралы 2022 жылдың тамызында белгілі болды. Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей санкциялық тәуекелдерді азайту үшін акциялардың бақылау пакетінен бас тартуды жоспарлап отыр деп жазды. Кейін Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы Жамаубаев ҚР Ресей акцияларының бір бөлігін сатып алатынын растады.