Республикалық маңызы бар күре жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылуда. Бұл туралы QazAvtoJol хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Алматы-Ташкент-Термез» автожолдарының бірқатар учаскесінде орнатылған. Сонымен қатар, Күйік және Қордай асуларында 40 мыңға жуық арнайы жарықты шағылыстыратын пластиналар қойылған.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар Түркістан және Жамбыл облыстары аумағында орнатылды. Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы. Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады», делінген хабарламада.
qazAvtoJol алдағы уақытта жарықты шағылыстыратын арнайы экрандарды көлік қарқыны жоғары «Алматы-Қорғас» және «Бурабай аумағы» күре жолдарында орнататынын хабарлады.