Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталып отыр

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі күн райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты өрт қауіпсіздігі сақталып отырғанын хабарлады.

Ақпаратқа сәйкесе, өңірде өрт қауіптілігі мынадай санаттарға жіктелген:

 1 санат: Марқакөл,

3 санат: Өскемен қ.,

4 санат: Риддер қ., Алтай ауданы, Үлкен Нарын, Күршім, Катонқарағай аудандары

5 санат: Самар ауданы.

«Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен 227 сурет түсірілді, 73 жылу нүктесі тіркеліп, олар жедел пысықталды. Олардың негізгі пайызы азаматтардың абайсызда отпен жұмыс жасауынан және қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзуына байланысты», – деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов.

Осыған байланысты өңірлік төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға аудандардағы өрттердің қауіпсіздігі мен алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу керек екенін және өрт шығуы мүмкін кез-келген жағдайда абай болуды ескертеді.

Төтенше оқиға болған жағдайда «101» және «112» телефондары арқылы хабарласу керек.

Бұған дейін өңірге көршілес Абай облысы аумағындағы «Семей орманы» табиғи резерватында өрт шығып, аймақта төтенше жағдай жарияланған болатын.