Тауарлық газ өндірісі артады
Фото: kursiv.media
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесі өтіп, онда газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Жиынға орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшылары қатысып, жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін қарастырды. Сонымен бірге еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралары да жүзеге асырылатынын айтты.
Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде таяу жылдары елімізде тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артады деп жоспарланып отыр.
Кеңесте бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу мәселелері де талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.