Германияда Ресейдің төрт консулдығы жабылады

Жарияланды

Германияда Ресей Федерациясының енді бес бас консулдығының біреуі ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар Берлиндегі Ресей елшілігі де жұмысын жалғастырады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Елде бір консулдық және Ресей Федерациясының Берлиндегі елшілігі жұмыс істейді», – деді Сыртқы істер министрлігінің спикері Кристофер Бургер.

Бұл шара Ресейде Германияның мемлекеттік қызметкерлерін азайту туралы шешіміне жауап болып табылады.

Кристофер Бургер Ресей Федерациясындағы Германия қызметкерлерінің санын 350-ге дейін қысқарғандығы туралы ақпаратты растады.

Сондай-ақ оқыңыз