Илон Маск ҚХР Коммерция министрімен шетелдік компаниялардың дамуын талқылады

Жарияланды

Twitter, SpaceX және Tesla компаниясының иесі Илон Маск пен Қытайдың сауда министрі Ван Вэньтао Қытай аумағындағы шетелдік компаниялардың дамуын талқылады. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

Ван Вэньтао Бейжің «Қытайдағы шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындардың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қолдайды»деп мәлімдеді. Маск өз кезегінде Қытайдың даму әлеуетін жоғары бағалап, «өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге»ниет білдірді.

Сауда министрі сондай-ақ АҚШ пен ҚХР өзара экономикалық және сауда диалогын тереңдетуге тиіс екенін атап өтті.

Маск Бейжіңге 30 мамырда келді. Оны өнеркәсіп министрі Цзинь Чжуанлун мен СІМ басшысы Цинь Ган қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз