«Kazakhmys» корпорациясы «Елбасы Қорына» тиесілі компанияның үлесін сатып алды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«Kazakhmys Holding» ЖШС Президенті Владимир Ким мен холдингтің директорлар Кеңесінің  төрағасы Эдуард Огай «Елбасы Қоры» компанияларының үлесін сатып алды, деп хабарлайды Forbes.kz.

2022 жылғы маусымда «Қазақмыс корпорациясы» 1,3 млрд теңгеге «Люкс Сервис KZ» ЖШС қатысу үлесінің 50%-ын сатып алады. «Kazakhmys Copper» АҚ (құрамына корпорация кіреді) есебінде бұл компанияның жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану, жылжымалы және жылжымайтын мүліктермен операцияларды жүзеге асыру, девелоперлік қызмет сынды бірқатар шараларды жүзеге асыратыны жазылған.

Ал электронды үкімет дерекқорында бұл компанияның екінші құрылтайшысы ретінде «Жылжымайтын мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС көрсетілген. Бұл серіктестік құрылтайшысы «Елбасы қоры» болса, қордың құрылтайшысы өздеріңізге белгілі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мәміле жасалғанға дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сатып алған үлес иесі «EBF investment» ЖШС болған. Оның құрылтайшысы – «Елбасы қоры».

«Люкс Сервис KZ» ЖШС – Астана қаласы, Есіл ауданы, 77 жол, 2/1 ғимарат мекенжайы бойынша тіркелген. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде бұл мекенжайдағы жер учаскесінің нысаналы мақсаты – әуе кемелерінің ангарын және трансформаторлық қосалқы 884 станцияны пайдалану деп көрсетілген.

Кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огай «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне иелік етеді. Олар 2022 жылдың сәуір айында «Жетімшоқы БК» ЖШС-нің 60% қатысу үлесін 2,3 млрд теңгеге сатып алды. Бұл кәсіпорын «Vertex Holding» ЖШС-мен байланысты. Оның иесі – Владимир Жұманбаев. Мәміледен кейін «Vertex Holding» ЖШС-нің үлесі 99,99-дан 39,99%-ға дейін төмендеген.

Forbes Kazakhstan-ның 2023 жылғы бай бизнесмендер рейтингісінде Владимир Ким бірінші орында тұрса, Эдуард Огай №11 болып тұр. Ал Владимир Жұманбаев №17 орынға ие.

Сондай-ақ оқыңыз