«Қазатомөнеркәсіп» Қытай АЭС-не ядролық отын жеткізеді
Фото: kazatomprom.kz
Фанчэнган қаласында Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнында дайындалған ядролық отынын қабылдау салтанаты өтті. Енді Қазақстан Қытай АЭС-не ядролық отын жеткізетін болады.
Өскемен қаласындағы «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС кәсіпорнында дайындалған жоғары технологиялық ядролық отын сапа бақылауынан сәтті өткен. Бұл отынды дайындауда отандық мамандар Қытайдың CGN компаниясымен бірлесе жұмыс істеген.
«Қазатомөнеркәсіп және CGN өзара іс-қимылдың кең спектрі бар стратегиялық әріптестер. Біз уран өндіру, отын таблеткаларын өндіру және жылу бөлетін құрамалар бойынша бірқатар табысты жобаларды жүзеге асырдық. Біз қазақстандық ядролық отын әлемдік климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға және төмен көміртек бейтараптығына қол жеткізуге үлес қосатынын атап айтқымыз келеді. Ынтымақтастығымыздың арқасында Қазатомөнеркәсіп жаңа тәжірибе жинақтап, табиғи уран тотығын өндіруден бастап, отын түріндегі реакторға дейінгі ядролық отын циклінің түпкілікті өнімін шығаруға және сатуға дейінгі қызметтердің интеграцияланған пакетін жеткізуші болады», деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.
2024 жылы «Үлбі-ЖБҚ» жылу бөлгіш құрама (ЖБҚ) түрінде жылына 200 тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Осылайша өндіріс көлемін ұлғайтып басқа да нарыққашығуды жоспарлап отыр. Ол үшін толық жағдай жасалған. Зауытта 20 жыл бұрын кепілдендірілген сату нарығы бар. Тиісінше, инновациялық кәсіпорынның іске қосылуы Қазақстанның АЭС-ке арналған ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруіне мүмкіндік береді.
Қытайдағы атом электр станциясына «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытынан жылу бөлетін құрамалар өткен жылдың желтоқсан айында жеткізілген. Жыл соңына дейін Қытайға қосымша бірнеше ядролық отын партиясы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Қытай компаниясының өкілі тек ядролық отынның сапасына ғана емес, сонымен бірге оның жеткізілуіне де ерекше мән беретінін айтты.
«Біз ядролық қауіпсіздікке, тиісінше, ЖБҚ-ны атом станцияларына жеткізу сапасына да үлкен мән береміз, сондықтан Қазақстанда өндірілген ЖБҚ-ның кезекті партиясын сәтті қабылдап алғанымызға ерекше қуаныштымыз. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС біздің электр станцияларымызды отынмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын болады. Біз өз компанияларымыздың күш-жігерімен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасатынына сенімдіміз», деді GGNPC-URC Директорлар кеңесінің төрағасы Ань Цзюньцзин.
Бірнеше күн бұрын Нил Лонгфэллоудың «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры – төрағасы қызметінен кететіні белгілі болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ал Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС-сіз көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкін емес екенін айтып, елімізде АЭС салу жоспары бар екенін мәлімдеді.