Тұңғыш президенттің ар-намысына тигендер қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін

Жарияланды
Kursiv.media

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілік алдында ар-намысына тигендерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Курсив тілшісінің сауалына Әділет министрлігі тарапынан берілген жауапта айтылған

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізіледі. Заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.

«Аталған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау, Тұңғыш президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр», делінген Әділет министрлігінің жауабында.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта заң жобасы Мәжіліс қарауында жатыр.

Айта кетейік, аталған екі бап бойныша 5 000 АЕК көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз