Банктердегі жеке тұлғалардың депозит порфелі 55%-ға жуықтады

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Сәуір айында ел банктердегі жеке тұлғалар жинаған депозит көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Биыл І тоқсанда бұл көрсеткіш 232 млрд теңгеге өсті, деп жазады ranking.kz.

Бір қызығы, бірінші тоқсандағы көрсеткіш динамикасы біркелкі емес: мысалы, қаңтарда жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 136,2 млрд теңгеге, ақпанда тағы 73,5 млрд теңгеге қысқарса, ал наурызда ол бірден 441,7 млрд теңгеге өсті. Соның нәтижесінде тоқсан сайынғы 232 млрд деңгейінде қалыптасты.

Тоқсандық өсім бойынша брінші орында Отбасы банк тұр: бірден 157,6 млрд теңгеге көбейіп, биыл сәуір айының басында 2,3 трлн теңгеге жеткен. Наурыздың өзінде банк жеке тұлғалардың депозиттері қоржынына тағы 69,6 млрд теңге қосты.

Отбасы банк – қазіргі уақытта Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз банк. Нарықтағы ең тиімді мөлшерлемемен несие беретін және тұрғын үй жинақтарын ұсынатын банк. Биыл 15 мамырдан бастап банк аралық несие мөлшерлемесін төмендетті: бұрын мөлшерлеме жылдық 7%-11,5% болса, қазір дәліз – 6%–10%. Бұл ретте, аралық несие алу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде депозит толтырылған сәттен бастап кемінде 3 ай күту керек. Әрбір келесі ай сайын мөлшерлеме төмендеп, бір жылдан кейін ол минималды 6%–7,5% болады.

Some Image

Жыл басынан бергі өсім бойынша екінші орында Kaspi Bank келеді: 120,8 млрд теңге көбейіп, 3,8 трлн теңгеге жетті.

ҚР ЕДБ арасында алғашқы үштікті Фридом Финанс Қазақстан банкі жабады: бірінші тоқсанда көрсеткіш 57,3 млрд теңгеге көбейіп, сәуір айының басындағы 366,6 млрд теңгеге жетті.

Жалпы, секторда бірінші тоқсанда депозит көлем 21 ЕДБ-нің 13-інде және алғашқы ондыққа кіретін 5 банкке өсті.

Some Image

Айта кетерлігі ҚР ЕДБ жалпы депозит көлеміндегі жеке тұлға салымдарының үлесі бір жыл бұрын 51% болса, бес жыл бұрын 49,2% құраған. Ал он жыл бұрынғы 37,8% болса, қазір 54,7%-ға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз