Жаңалықтар

Елімізде инфляция баяулап келеді

Фото: kursiv.media

Қазақстанда жылдық инфляция баяулады. Елімізде 3 ай қатарынан бағалардың тұрақтылығы сақталып келеді.

Ұлттық статистика деректері бойынша, 2023 жылдың мамыр айында баға жылдық мәнде 15,9%-ға өскен. Бұл сәуірге қарағанда 0,9 проценттік пунктке аз. Мұндай төмендеу соңғы үш айда байқалған.

Бір жыл ішінде азық-түлік емес тауарлар қатты қымбаттап – 17,2%-ға көтерілген. АЛ азық-түлік тауарларының өзіндік құны 16,5%-ға өссе, қызмет көрсету саласы – 13,5%-ға артқан.

Сарапшылар айлық инфляцияның баяулағанын айтады. Мамыр айында баға 0,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш сәуірде 0,9% пайызды құраған. Ал қызмет көрсету саласы 0,7%-ға қымбаттаған. Азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарлар да 0,5%-ға өскен.

Атап айтқанда бір ай ішінде әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын қырыққабат бағасы+23,8% көтеріліп, айтарлықтай қымбаттаған. Ал қияр керісінше 39,6% арзандаған. Ал дизельдік отын – 0,7%-ға, бензин – 1,2%-ға, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%-ға көтерілді. Сарапшылар сәуір айында басталған жанар-жағармай бағасының өсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2023 жылғы инфляция болжамының 11-14%-ға дейін көтерілуіне себеп болғанын айтады.