Еуропалық Одақ оқ-дәрі өндірісін ұлғайту туралы шешім қабылдады
Жарияланды
Еуропалық Одақ (ЕО) оқ-дәрі өндірісін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады. Бұл туралы Еуропарламент сайты хабарлады.
«Оқ -дәрі өндірісін қолдау туралы заң 500 миллион еуроны қаржыландыруды көздейді. Қорғаныс өнімдерінің қазіргі тапшылығын шешу үшін ЕО-тың өндірістік қуатын арттыруға бағытталған», – делінген хабарламада.
Құжат бұл шешімнің тиімділігі 2024 жылдың ортасына қарай бағаланатынын көрсетеді. Осы мерзім өткеннен кейін осы шараларды ұзарту және қосымша бюджет бөлу туралы мәселе қаралуы мүмкін.