Lanxess неміс химиялық концерні Ресейден кетті

Жарияланды

Липецк облысындағы Lanxess неміс химиялық компаниясының активтері ресейлік кәсіпкер Владимир Якушинге өтті. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

«Нортекс» сайтында хабарланғандай компания Ресей мен ТМД елдеріндегі химиялық шикізат пен құрылыс жүйелерінің ірі дистрибьюторы болып табылады. «Нортекс» 70-тен астам әлемдік өндірушілердің химиялық шикізатын импорттайды.

Lanxess концерні – әлемдегі арнайы химиялық өнімдердің ірі өндірушілерінің бірі. Концерн 2013 жылы «Липецк» арнайы экономикалық аймақтағы зауытты іске қосты. Өндірісті құруға салынған инвестиция 200 миллион рубльден асты. Ресей нарығында автомобиль және шина өнеркәсібінде қолданылатын Rhenogran брендінің қоспалары шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз