Қазақстан мен Қытай шекаралық стансаларға жақын теміржол инфрақұрылымын жаңғыртпақ

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Қазақстн мен ҚХР шекара өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында шекаралық стансаларға таяу теміржол желілерінің құрылысын дамытып, инфрақұрылымын жаңғыртуға уағдаласты. Бұған қоса шекаралық теміржол стансаларында жүк тасымалдарының тәуліктік жұмысын, бос және тиелген вагондардың үздіксіз және тұрақты жүруін, Қытай мен Қазақстан арасында, сондай-ақ Қытай-Еуропа-Орталық Азия арасында теміржол жүк тасымалдарын дамытуды қамтамасыз етуге келісті. Келісім Астанада теміржол көлігі саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің XIV отырысында жасалды, деп хабарлайды ИИДМ.

Былтыр Қазақстан мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы рекордтық деңгейге жетіп, 23,2 млн тоннаны құраған. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 15%-ға артық. Сонымен қатар биыл 4 айда екіжақты жүк тасымалының көлемі де оң серпінді көрсетіп, 8,8 млн тоннаға жетіп отыр.

Жиынған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік теміржол әкімшілігі басшысының орынбасары Ань Лушэн қатысқан. Екі елдің ресми өкілдері Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара өткелдері арқылы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты оң бағалады.

Қытай мен Қазақстан арасындағы және транзиттік қатынастардағы контейнерлік тасымалдар бағытында экономикалық және сауданың дамуын ынталандыруға ықпал ете отырып, Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын тиімді қамтудың оң үрдісін сақтайды.

«Бұдан бөлек, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан-Қытай темір жолында жүкқұжат негізінде жүктерді тасымалдау бойынша электронды деректер алмасу жүйесі ресми түрде іске қосылды. Жүкқұжат ЦИМ / СМГС электронды ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін Қытай мен Қазақстанның мамандары халықаралық жүк тасымалы туралы электронды деректермен алмасу туралы келісімге қосымша келісімнің мәтінін уағдаласуды сәтті аяқтап, биыл 28 ақпанда қол қойды. Екі тарап та елдер арасындағы теміржол тасымалы туралы электронды деректер алмасуды ілгерілетуді қолдайды, сондай-ақ теміржол ынтымақтастығын ұйымдастыру шеңберінде халықаралық теміржол көлігі жүкқұжаттарын электронды рәсімдеуге және тасымалдауды жеңілдетуге жәрдемдеспек», делінген хабарламада.

Алмаз Ыдырысов, сонымен қатар, Бельгия, Венгрия, Германия, Италия, Латвия, Литва, Польша, Финляндия және Чехия елшіліктерінің өкілдерімен кездесті.

Оның барысында тараптар Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы рұқсат бланкілерімен қосымша алмасу және қазақстандық жүргізушілерге виза беру рәсімін оңтайландыру мәселелері пысықталды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар экономикалық қатынастарды одан әрі дамытып, тауар айналымын ұлғайту және автокөлікпен жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға дайын екендерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз