Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлер саны күрт өсті
Фото: kursiv.media
Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерле саны күрт өскен, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюроның Data Hub Telegram арнасы.
2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 1 миллион 682,2 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен үштен бір есе яғни, 384,4 мың кәсіпкерге артық. Бұл өсім соңғы төрт жылда рекордтық көрсеткішке жетті.
Сондай-ақ заңды тұлғалар саны да 12 айда 6%-ға өсіп, 30,1 мыңға жеткен. Қазіргі таңда елімізде 513,6 мың заңды тұлға тіркелген. Бұл өсімнің артуына тіркелген шағын кәсіпкерлік санының артуы себеп болған және заңды тұлғалардың 98%-дан астамы осы салада.
Жалпы алғанда, елімізде заңды тұлғалардың жылдық өсімінің 40%-дан астамы, яғни 12,4 мыңы шетелдік меншік нысаны. Шетелдік меншік нысан санының күрт өсуі бес жылда бірінші рет тіркеліп отыр. Бұл резидент емес азамматтардың Қазақстан юрисдикциясына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Бұл орайда бірінші орында Ресей мемлекеті тұр. Көрші елден тіркелген шетелдік кәсіпорындардың жылдық өсімі 70 пайызды құрап, 8,7 мың бірлікке жеткен. Дегенмен, 2023 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік кәсіпорындар өсімі 40%-ға төмендеген. Ал бұған дейін үш тоқсан қатарынан көрсеткіштер тек артып отырған. Яғни, соңғы тоқсанда шетелдіктер тарапынан Қазақстанда кәсіпорындарды тіркеуге сұраныс азайған.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санындағы белсенді заңды тұлғалардың үлесі соңғы үш жылда 10,7 проценттік пунктке өсті. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш максимумға жетіп, 80,6%-ды құраған. Бір қызығы, Ресей резиденттері тіркеген 10 заңды тұлғаның тек біреуі ғана таратылса, Қытай резиденттерінің – төртеуі таратылып отырады.
Соңғы бес жылда заңды тұлғаларды тіркеу максималды деңгейге жетіп, 2022 жылдың аяғында 51,7 мыңға жетті. Ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген кәсіпорындардың саны айтарлықтай жоғары деңгейде болып, 12,4 мың бірлікті құраған. Алайда өткен тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш 10%-ға, яғни 1,3 мың бірлікке төмендеді. Бұған шетелдік меншік нысанының азаюы себеп.
Ірі кәсіпорындар үшін негізгі табыс көзі – тау-кен өнеркәсібі. Оның үлесі 50% пайызды құрайды. Ал орта кәсіпорындардың табысы – сауда, өңдеу және құрылыспен байланысты, оның үлесі – 60%. Шағын кәсіпорындардың пайдасы тек саудадан түседі, оның үлесі 50%.
Ірі және орта бизнес өкілдері өндірістің ең жоғары табысы кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте тіркелген. Оның үлесі 42,9% болса, тау-кен өнеркәсібіндегі табыс үлесі 40,7% құрайды. Ең төменгі табыс сауда саласында, оның үлесі небары 8,7%.
Қазақстанға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн сайын артып келеді, өйткені бұл елде бизнесті тиімді дамытуға болады, деп пайымдайды сарапшылар.