Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Жарияланды

Фото: kursiv.media
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Президент құттықтау сөзін Twitter парақшасында жариялады.
«Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын» – деп жазды Президент.