6 облыс халқының шығыны табысынан асып кетеді

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Қазақстанның 20 өңірінің алтауында халықтың шығыны табысынан көп. Атап айтқанда, Алматы облысы, Жетісу облысы мен Шымкент қаласы тұрғындарының шығыны кірісінен асып кеткен. Жалпы, 2022 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстандағы жан басына шаққандағы ақшалай табыс бір жыл бұрынғыдан 17,7% өсіп, 252,4 мың теңгені құраған.

Табыспен қатар, шығын да өсіп жатыр. Былтыр жан басына шаққандағы шығын бір жылда 15,1% өсіп, бір тоқсанда 246,8 мың теңге болды.

finprom.kz. сарапшыларының жазуынша, 2021 жылдың осы кезеңінде халықтың табысы 10,6% өсіп, орташа есеппен 214,5 мың теңге болған. Алдыңғы жылы осы кезеңде үй шаруашылығының шығыны да бір жылда  12% көбейіп, 214,5 мың теңгені құраған.

Табыс пен шығыс арасындағы айырмашылық 5600 мың теңгені (немесе 2,3%) құрап тұр, яғни табыс шығыннан сәл ғана асады. Бұл соңғы жылдардағы сәйкес кезеңдегі ақшалай көріністегі ең жоғары айырмашылық.

Өңірлер бойынша көп табыс табатын елорда тұрғындары: жан басына шаққанда 357,3 мың теңге немесе бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық. Екінші орында Қарағанды ​​облысы: 354,9 мың теңге, 23,1% көбейген. Үздік үштікті Ұлытау облысы жапты: 339,1 мың теңге.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі: бар болғаны 163,3 мың теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,7% көп. 

Шығыс жөнінен Қарағанды ​​облысы көш бастап тұр: жан басына шаққанда шығын 327,3 мың теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21% көп. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (322,1 мың теңге, 7% көбейген) және Ұлытау облысы (307,4 мың теңге) кіреді.

Еліміздің 20 өңірінің 14-де халықтың ақшалай табысы шығынынан аздап асады. Ең жақсы көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында байқалды: мұнда табыс шығыннан 25,6% артық. Сондай-ақ, Қостанай облысы мен Астана да алғашқы үштікке енді: табысы шығысынан тиісінше 24,1% және 18,9% көп.

Қазақстанның 20 өңірінің 6-да керісінше шығыны табысынан асып тұр. Табысы шығынынан 14,8% аз Алматы облысы аутсайдер. Басқа өңірлерде бұл көрсеткіш мынадай: Жетісу облысында табыс шығыннан – 14,5%, Шымкентте – 8,6%, Алматыда – 8,2%, Түркістан облысында – 8%, Жамбылда – 5,2% аз.

Сондай-ақ оқыңыз