АҚШ-та жыл басынан бері қарулы оқиғалардың құрбаны 17,7 мыңнан асты
Жарияланды
АҚШ-та жыл басынан бері 17 737 адам қарулы шабуылдардың құрбаны болды, тағы 14 723 адам жарақат алды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
GVA ұйымының хабарлауынша, жыл басынан бері АҚШ-тағы қоғамдық орындарда 268 қарулы шабуыл болды.
Қарулы шабуыл құрбандарының арасында 0-ден 11 жасқа дейінгі 113 бала және 12-ден 17 жасқа дейінгі 642 бала бар.
0-ден 17 жасқа дейінгі жараланған балалардың саны 1 894 адамды құрады. Полицияның қатысуымен болған атыс қаруын қолдану оқиғалары барысында 587 адам қаза тауып, тағы 361 адам жарақат алды.
Тақырыпқа орай