«Өнеркәсіпті дамыту қоры» әр данасы 2 млн теңге тұратын 50 мың жай акциясын орналастырады

Жарияланды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесі жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен қоғамның 50 000 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компания Қазақстанның қор биржасына хабарлады.

Айта кету керек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционері Қазақстанның даму банкі

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 22 мамырындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады: Қоғамның жалғыз акционері акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен бір акция үшін 2,0 млн теңге бағасымен жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге жарияланған акциялар саны шегінде қоғамның 50 000 дана жай акциялары орналастырылсын», делінген Қордың хабарламасында.

Айта кету керек, Қаржы министрлігі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін берілетін несие шарттарын бекіту туралы Қаулы жобасын жариялаған болатын. Құжатта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына 14,4 млрд теңге бюджеттік несие берілетінін айтылған. Оның мақсаты – автокөлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру деп көрсетілген.

Бұған дейін, Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның 2022 жылғы таза пайдасы 22 млрд 392 млн теңгені құраған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 8 млрд 200 млн теңге болған. Қор табысы бір жылда 14 млрд 132 млн теңгеге өскені хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз