Жасанды интеллект АҚШ-та 4 мыңға жуық адамды жұмыссыз қалдырды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Мамыр айында АҚШ-та 400 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды, олардың 10 пайызының жұмысын жасанды интеллект алмастырды.

Challenger келтірген есепке енсек, жасанды интеллектке байланысты жұмыс орындарын қысқарту енді ғана басталып жатыр. Есепте мамыр айында АҚШ-та 400 мыңнан астам адам жұмыссыз қалғаны келтірілген. Олардың 10%-ға жуығы яғни 3,9 мың адам жасанды интеллект үшін жұмыстан шығарылған.

«Генеративті ЖИ жұмыс орындарын ашатын алпауыт болады деп күтілуде. Алайда Goldman Sachs талдауында ЖИ сонымен қатар , 2035 жылға қарай 300 миллион жұмыс орнын қысқартып, жұмыспен қамтуды жойып жіберуі мүмкін», деп топшылайды Newedge Wealth LLC өкілі Бен Эмонс.

2022 жылдың соңында американдық OpenAI көп функциялы чат бот ChatGPT жасанды интеллектін ұсынды. Нарық қатысушылары мен бақылаушылары ChatGPT жасанды интеллектін қандай коммерциялық бағыттарда пайдалануға болатынын болжай бастады. Ал Қазақстанда жасанды интеллекттің ең сұранысқа ие бағыты – биометрия.

Алдағы уақытта АҚШ пен ЕуроОдақтағы жұмыс орындарының шамамен үштен екісін жасанды интеллект ауыстыруы мүмкін. Сонымен бірге ChatGPT жыл сайынғы жаһандық ЖІӨ-ні 7%-ға арттыруы мүмкін. Еңбек шығындарын айтарлықтай үнемдеу, қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың өсуін айтарлықтац өзгертуі мүмкін. Сонымен бірге жасанды интеллект еңбек нарығын бұзады деп болжайды мамандар.

Ал мамыр айының ортасында жасанды интеллект жасауға атсалысқан ғалым Стюарт Рассел ЖИ «адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін, өйткені ЖИ өзін басқару әрекеттеріне қарсылық білдіруі мүмкін» деп мәлімдеген.

Екі ай бұрын мыңдаған ғалымдар мен технологтар, оның ішінде Stability AI бас директоры Эмод Мастак пен Илон Маск, Стив Возняк та бар, жасанды интеллекттің адамзатқа қауіп төндіретінін алға тартып, оны дамытуды кідірту туралы хатқа қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз