FlyArystan Астанадан Бакуға алғашқы сапарын орындады

Жарияланды

FlyArystan лоукостері 2023 жылдың 2 маусымында Астана-Баку-Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстерін сәтті орындады.

Соңғы кездері Әзірбайжан астанасы және оның мәдени орталығы – Баку шаһары ТМД елдерінің тұрғындары, оның ішінде қазақстандықтар арасында танымал бола бастады. Қазақстан азаматтары үшін көрші елде 90 күнге дейін визасыз болып, Каспий теңізі жағалауында демалуға мүмкіндіктері бар.

«Астана-Баку – Әзірбайжанмен қатынауға мүмкіндік беретін FlyArystan бағдарлар желісіндегі екінші бағыт. Бір жылдан астам уақыт бойы Airbus ұшақтары Бакуға Ақтаудан қатынап келуде. Әуекомпания ұсынатын ыңғайлы тоғыспалы рейстердің арқасында Қазақстанның барлық дерлік қалалар тұрғындары Каспий теңізінің ең ірі порт қаласына сапарларын жоспарлай алады», – деп ойымен бөлісті сату департаментінің бас менеджері Дәуір Еркінұлы.

Нафталанның сәнді әрі ерекше курорттары мен шипалы қайнар көздерінің арқасында Бакуда демалу және сауығу үшін тамаша жағдайлар жасалған. Туристер СПА орталықтарына бару және пайдалы қасиеттерімен танымал нафталан ванналарынан ләззат алу арқылы емдік және релаксацияның бірегей тәжірибесіне қол жеткізе алады. Әр дүйсенбі және жұма күндері Қазақстанның астанасынан Кавказдың бас мегаполисіне 44 804 теңгеден басталатын билет сатып алу арқылы, көркем Бакудің сұлулығын тамашалай аласыз (тарифтің құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін). Бір жақты билет құнына борттағы кездейсоқ орын және 5 кг-дық (56*23*36см) 1 дана қол жүгі кіреді. Әуекомпания саяхатшыларды осы бағытты таңдап, Бакудың жарқын атмосферасын сезуге  шақырады, сонымен қатар, FlyArystan қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында әуебилеттерін ерте брондау сапарыңызды әлдеқайда тиімді ететінін еске салады.

Сондай-ақ, 2022 жылы FlyArystan әуежайларда iJan терминалдарын іске қосу арқылы кезексіз бірнеше секунд ішінде рейске тіркелу, жүкті өлшеу, жүк жапсырмаларын басып шығару және қосымша қызметтерді сатып алу мүмкіндіктерін қол жетімді деңгейге жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз