Анталия-Астана жаңа рейсі іске қосылды
Жарияланды

Түрік Авиакомпаниясы Mavi Gök Aviation Анталия – Астана – Анталия жаңа рейсін іске қосты. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.
Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады
Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған
Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.