Жаңалықтар

  Президент ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

флаг герб
Фото: Аскар Ахметуллин

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

«Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!» – деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бері аталып келеді. Бұл туралы Жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы 4 маусымда қол қойды. Сол жылы, 2007 жылы республикада мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.

Президент мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – кез келген азамат пен патриоттың парызы екенін атап өтті.