Жаңалықтар

Депутаттар жергілікті жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаражатқа бақылауды күшейтуді ұсынып отыр

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаржыны бақылауды күшейтуді ұсынды.

Депутаттың сөзінше, Ұлттық экономика жүргізген мониторингтің алдын ала деректері бойынша Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша қала ішіндегі және кент ішіндегі жолдардың 63 мың шақырымы нашар жағдайда, ал ауылдың жолдарында асфальт жоқ.

«Қоғамдық көлікке деген қажеттіліктің жоғары болуы да сақталып отыр. Жергілікті жолдардың сапасыздығы ауылды аумақтардың арасындағы байланысты әлсіз болуына алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

Сондай-ақ адамдар қоғамдық көліктің қатты тозып кеткеніне көптеген шағым айтып жатыр. Мысалы, маршруттық желілер тиімсіз, жүріп тұру ыңғайсыз. Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеулі, қаланың шетіндегі ауылдарға бара бермейді. Мұндай жағдай Семей қаласында өте өзекті болып отыр», – деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айтуынша, Семей қаласындағы қоғамдық көлік 3 жылдан бері дұрыс жұмыс істемейді.

Айтуынша, Семей қаласындағы қоғамдық көлік 3 жылдан бері дұрыс жұмыс істемейді.

«Онда автобустар ескі, қала шетіне бармайды, кешкі 7-ден кейін тоқтап қалады. Автобустардың техникалық жағдайы нашар. Осыған байланысты уәкілетті және мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар бұған ерекше назар аударуды қажет», – деді Нұртай Сабильянов.

Тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар, халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын арттыруға автобустар алуға берілуге тиіс.

Депутат жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және салуға жұмсалатын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту керек екенін де айтты.

“Былтыр ғана Аягөз қаласындағы 3-4 көшедегі жолдар жөнделген. Биыл қаз қалпына қайта келді, шұңқыр-шұңқыр, бүлінген. Сол былтырғы қалпына қайта келді. Бұл жолдардың сапасыздығы әкімдерде жауапкершілік жоқ екенін көрсетеді, – деді ол Мәжілістегі үкімет сағатында.