GameStop, NIO және Gitlab осы аптада тоқсандық есеп береді

Жарияланды (жаңартылды )


GameStop, NIO және Gitlab осы аптаның ішінде қаржы нәтижелерін бөліспек. Сонымен қатар, тұтынушылық несиелендіру жайлы ақпарат белгілі болмақ. Бұл туралы Barron’s сайты хабарлайды.

Маусымның бесі, дүйсенбі күні бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші Gitlab 2024 бюджеттік жылдың бірінші тоқсан нәтижесін жариялайды.

Маусымның алтысы, сейсенбі күні Ciena, сантехника дистрибюторы Ferguson және тамақ өндіруші J.M. Smucker қаржы нәтижелері белгілі болмақ. BorgWarner компаниясны Нью-Йоркта Инвесторлар күнін өткізбек.
Австралияның резервтік банкі осы күні ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдамақ.

Трейдерлер бас банктің мөлшерлемені 4,1%-ға дейін ұлғайтуына 33-пайыздық мүмкіндік бар деп бағалайды. Айта кететін болсақ, өткен жылдың сәуір айынан бастап орталық банк мөлшерлемені жалпы санағанда 11 рет көтерген болатын.

Жетінші мамыр, сәрсенбі күні, Brown-Forman, Campbell Soup, GameStop және Trip.com қаржы нәтижелері белгілі болмақ. Федералды резерв жүйесі тұтынушылық несиелендіру жайында ақпарат бермек. Бірінші тоқсанда тұтынушылық несиелендіру деңгейі 5,4% – $4,85 трлн үлкейді.

Сегізінші мамыр, бейсенбі күні, DocuSign және Vail Resorts компаниялары тоқсандық нәтижелерін талқылайды. Ал Cardinal Health Нью-Йоркта Инвесторлар күнін өткізбек.

Тоғызыншы мамыр, жұма күні, электромобиль өндіруші NIO тоқсандық нәтижесі шығады.

Сондай-ақ оқыңыз