Қазақстандық өнімдерді Ресейге Belavia рейсімен тасымалдауға тыйым салынды

Жарияланды
belavia

Беларустік Belavia әуе компаниясы Ресей әуежайларына рейстерде Қазақстаннан, Армениядан, Әзірбайжаннан, Грузиядан, Ирактан және Түркиядан жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik.by.

Әсіресе сүт және ет өнімдері, жұмыртқа, май, балық және теңіз өнімдеріне тыйым салынды. Шектеулер ірімшіктер мен ақуызы жоғары тағамдарға да әсер етті.

Әуе тасымалдаушысы жолаушыларды «түсініспеушіліктерді болдырмау үшін»белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

Ресей қалаларына ұшатын Беларусь ұлттық тасымалдаушысының рейстерінде қол жүгін тасымалдау ережелері бірқатар елдерде аусыл вирусының таралуына байланысты өзгерді.

Сондай-ақ оқыңыз