Ресейдегі Polymetal Int басшылары санкцияға байланысты қызметінен кетті

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«Polymetal Int» компаниясының барлық негізгі басшылары Батыс санкцияларына ұшыраған «Ресей Полиметалл» АҚ-дағы қызметінен кетті.

Атап айтқанда, «Полиметалл» АҚ және оның еншілес компанияларындағы бас атқарушы директор Виталий Несис пен компанияның қаржы директоры Максим Назимок басшы қызметтерінен босаған. Ресейдегі қызметінен босағанымен, олар компанияының Қазақстандағы филиалында өз орындарын сақтап қалады.

«Виталий Несис пен Максим Назимок Polymetal International Plc-тегі қазіргі позицияларын сақтап қалады және топтың Қазақстан Республикасында орналасқан активтерін басқаруға, сондай-ақ компанияны Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына («АХҚО») редомициляциялауға баса назар аударады», делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Компанияны Қазақстанға ауыстыру процестері басталған соң санкция талаптарын сақтай отырып, компания активтерін юрисдикция бойынша бөлу жұмыстарын бастайды.

Ал компанияның стратегиялық даму жөніндегі атқарушы вице-президенті Павел Данилин «Полиметалл» АҚ және оның барлық еншілес компанияларындағы еңбек қызметін толығымен тоқтатқан.

Мамыр айының ортасында АҚШ билігі ресейлік Polymetal құрылымына — «Полиметалл»компаниясына санкция салды. Сол себепті компания Қазақстанға көшуді жөн санаған.

Содан кейін Polymetal International plc атқарушы директоры Виталий Несис компанияның Қазақстандағы активтері санкцияға ұшырамайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз