Таиландта комаға түскен қазақстандық қайтыс болды
Таиландта комаға түскен 24 жастағы қазақстандық қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның жақындары естіртті.
«Артурдан айырылып қалдық», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландта тиым салынғаны туралы ескертуге қарамастан, теңізге түскен қазақстандық азаматтың көп су жұтып қойғанын және жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді.
Бұған дейін қазақстандық азаматтың туыстары оны Қазақстанға жеткізуді сұраған. СІМ ол үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет екенін айтты.
Ал ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады.
Сондай-ақ министрлік Таиландта демалып жатқан Қазақстан азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуге шақырды.