Жаңалықтар

Адамдарды азаптады деген күдікпен күш құрылымдарының 40-қа жуық қызметкері жауапқа тартылды

39 казахстанских силовиков обвиняют в пытках 88 человек

Фото: kursiv.media

88 азаматқа рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданып, азаптағаны үшін күш құрылымдарының 39 қызметкері жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігіне азаптауға бейім полицейлерді алдын ала анықтау үшін, психологиялық тесттен өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерін тексеру барысында 5812 учаске бейнекамерамен қамтылмағанын және 900 камеру жұмыс істемей тұрғанын анықтаған.

Прокуратура ұсынысы бойынша 3783 қосымша бейнекамера орнатылған.

«Аумақтық полиция департаменттері, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Былтыр ҰҚК-нің 8 қызметкері Қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптау фактісі бойынша қамауға алынған болатын.

17 наурызда Президент Қ. Тоқаев азаптаудың алдын алу және сотталғандардың құқын кеңейту туралы заңға қол қойды.

«Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы» делінген хабарламада.