Антикор Мұхамедиұлына тиесілі «Дипломат» қонақүйіне қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланды
Мұхамедиұлы
Фото: Асқар Ахметуллин

Антикор Мұхамедиұлының «Дипломат» қонақ үйін басқа адамның атына жазуға талпынды деген БАҚ-да таралған ақпаратқа түсініктеме берді.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді.

1Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді. Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды. Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешілуде.

Еске сала кетейік, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процессі жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз