Германия мен Үндістан бірлесіп дизельді сүңгуір қайықтар құрастырады

Жарияланды

Германия мен Үндістан бірлесіп дизельді сүңгуір қайықтар жасау туралы келісімшарт жасасуға ниетті. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Нью-Делиге келген ГФР Қорғаныс министрлігінің басшысы Борис Писториус Үндістанға екі күндік сапары кезінде алдын ала келісім жасалады деп күтілуде.

«Бұл неміс индустриясы үшін ғана емес, Үндістан үшін де, неміс-үнді стратегиялық серіктестігі үшін де үлкен және маңызды келісімшарт болар еді», – деп атап өтті министр.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Үндістанға жаңа сүңгуір қайықтар өте қажет. Үнді мұхитын тиімді патрульдеу үшін кем дегенде 24 сүңгуір қайық қажет. Ал қазір үнді әскери – теңіз күштерінде 16 сүңгуір қайық бар. Бұған дейін АҚШ, Австралия және Жапониямен бірге төрт жақты қауіпсіздік диалогының (QUAD) құрамына кіретін Үндістан QUAD мүшелерінен, сондай-ақ Еуропа елдерінен сүңгуір қайықтарды салу технологиясын сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз