Каховка СЭС-нің зақымдалуы Запорожьедегі АЭС жұмысына әсер етпейді – «Росэнергоатом»

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Херсон облысындағы Каховка су электр станциясын Украина тарапы атқылап, зақымдалды, деп хабарлады «Новая Каховка» басшысы Владимир Леонтьев.

«Түнгі сағат екілер шамасында Каховская су электр стансасына бірнеше рет соққы жасалды, олар шандорларды қиратты – оны вентильдер дейді. Нәтижесінде Каховка су қоймасынан су келе бастады», деді ол.

Қала басшысы бұл жағдай бақылауға алынғанын және тұрғындарды эвакуациялау әзірге талап етілмейтінін атап өтті.

«Су көтерілді. Әзірге бейбіт тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Бәріміз жұмыс істеп, зардаптардың алдын алуға тырысып жатырмы», деді Леонтьев.

Ол оқиғаны теракт деп атады, келтірілген шығын әлі нақтыланған жоқ.

Каховская су электр станциясы 1950 жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Ол құрғақ оңтүстік аймақтарды электрмен жабдықтап, сумен қамтамасыз етеді. Су қоймасы Днепрдің төменгі ағысында орналасқан. Ол Херсон және Запорожье облыстарының аумағына қарайды. Соныман бірге бұл су қоймасынан Қырым түбегін сумен қамтамасыз ететін Солтүстік Қырым арнасы бастау алады.

Қазіргі таңда келтірілген зақым салдарынан станция электр қуатын өндірмейді. Бұл жағдай Запоржье АЭС-нің жұмысына зиян келтіруі мүмкін деген хабар тарады. Алайда «Росэнергоатом» концерні басшысының кеңесшісі Ренат Карчаа су электр стнациясы клапандарының бұзылуы Энергодардағы Запорожье атом электр станциясының (ЗАЭС) жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді.

«Бұл оқиға Запорожье АЭС-і үшін ешқандай зардап әкелмейді. Салқындату жүйесі қауіпті аймақтан алыс орналасқан», деді концерн өкілі.

Ал су қоймасының ЗАЭС-ке қауіп төнідеретіні туралы ақпаратты арандатушылық деп бағалады.

Запорожье АЭС-і – Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы саналады. Онда алты ВВЭР-1000 энергоблоктары бар. Станция 2022 жылдың 11 қыркүйегінен бері электр энергиясын өндірмеген. Бүгінде бес реактор суық режимге қойылған. Ал біреуі станция қажеттіліктерін өтеу үшін ыстық режимде жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз