«Жаман болмайды»: Қарашөкеев биылғы астық шығымына қатысты болжамын айтты
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақтанда қанша астық жиналатынына болжам жасады.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов былтыр астық түсімі жаман болмағанын айтып, биылға болжамды сұрады. Ербол Қарашөкеев нақты болжам жасауға әлі ерте екенін атап өтті.
«Шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытында жұмыстар да мерізімінде аяқталды.
Оның дерегінше, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, маусымда жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив болжанып отыр.
«Шілде-тамызда еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шанынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр», – деді министр.
Министрдің пікірінше, егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек.
«Қазір алдын ала факторларды ескергендегі болжам мынадай. Бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн теңге деңгейінде болжанып отыр. Астық жаман болмайды», – деді Ербол Қарашөкеев.