Жаңалықтар

ЕСП төлейтіндер жеке кәсіпкерлікті тіркеуі немесе жалдамалы қызметке орналасуы керек

Өйткені ЕСП немесе Бірыңғай жиынтық төлемнің  қолданылу мерзімі аяқталуға жақын. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірыңғай жиынтық төлем, коронавирус пандемиясы кезінде, бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген.

Бұл төлемді жылдық табысының сомасы 4 млн.теңгеден аспайтын, жеке тұлғаға қызмет көрсететін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлей алатын.

«БЖТ енгізудің негізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Бұл кезең аяқталады», делінген хабарламада.

Қазір елімізде жеке тұлғалардың табыстарын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде, онда табыстардың мөлшерін көрсету қажет. Бұрын кәсіпкерлік қызметті тіркемеген азаматтар енді кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе жалдамалы қызметкер болып жұмыс жасауы керек. Таңдауы өз еркінде.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам қандай салық режимін таңдайтынына қатысты да ақпарат берді.

Оған сәйкес, бюджеттің төлемі алынған кірістен 1% құрайды, бұл жеке табыс салығының ставкасы. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 14 350 теңгені құрайды. Оған міндетті зейнетақы жарнасы – 7 000 теңгені құрайды, әлеуметтік аударымдар 2450 теңгеге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар-4900 теңге.

Сонымен қатар, биыл интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғалар үшін салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мақсатында «платформалық жұмыспен қамту» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде жеке кәсіпкер үшін салықтарды ұстап қалуды және төлеуді интернет-платформа жүргізетін болады.