«Нұрбанк» АҚ 2022 жылға дивиденд төлемейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

«Нұрбанк» АҚ банктің жай акциялары бойынша 2022 жылға дивиденд төлемейді. Акционерлер жылдық жалпы жиналыста былтырғы 3,4 млрд теңге көлеміндегі таза табысын банктің өзінде қалдырды. Бұл туралы банктің KASE-ге жолдаған ақпаратында жазылған.

30 мамырда өткен жиналыста акционерлер қаржы ұйымының 2022 жылғы жеке аудиттелген қаржы есебі мен аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебін бекіткен.

«Банктің 3 417 130 мың теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей қалдырылсын, 2022 жылға банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбеcін», – делінген хабарламада.

«Нұрбанктің» 87,8 пайыз акциясына иелік ететін негізгі акционері – JP FINANCE GROUP LLP ЖШС. 2021 жылы Эльдар Сәрсенов осы компанияның 100 пайыз акциясын сатып алып, банкің ірі акционеріне айналды. Тағы 7 пайыз акциясына JA COLLECTION COMPANY» LLP компаниясы иелік етеді.

Банктің 2023 жыл басындағы жарғылық капталы 147,7 млрд теңгені, ал меншікті капиталы 47 млрд теңгені құраған. Жиынтық активтер көлемін 165 млрд теңге болса, міндеттемелері 418 млрд теңгені құрайды. 2022 жылы банктегі депозит көлемі 2 пайызға қысқарған.

«Нұрбанк» – мемлекеттен көмек алған 6 банктің біреуі.  Ол 2017 жылы қаржылық орнықтылықты көтеру бағдарламасына қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз