Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Танидің Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында екіжақты ынтымақтастықты арттыруға бағытталған құжаттарға қол қойылды.
Оның ішінде:
Мәдени орталықтарды құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісім;
Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісім;
Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Кеден заңнамасын оңтайлы қолдану, сондай-ақ кедендік заң бұзушылықтардың жолын кесу,
Тергеу және оларға қарсы күрес мақсатында өзара әкімшілік көмек туралы келісім;
Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
Құқықтық саладағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
Екі елдің қаржы министрлігі арасындағы бірлескен ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
Төтенше жағдайлардың алдын алу туралы меморандум;
Орталық банктердің қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
Қырғыз авиациялық институты мен Катар авиациялық колледжі арасында мамандар даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.