Жаңалықтар

Тоқаев Алтай Көлгіновты Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты

кульгинов

Фото: kursiv.media

Тоқаев Алтай Көлгіновты ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», делінген Ақорда таратқан хабарламада

Елорданы 3,5 жыл басқарған Көлгіновтың бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалған.

Алтай Көлгінов Түркістан облысында дүниеге келген, жасы 44-те.

Білімі – заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британдық Абердин университетінің магистратурасын тәмамдаған. Мамандығы – «халықаралық коммерциялық құқық».

Әр жылдары Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Әділет министрлігі, Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі болды, кейін үш жыл Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін Астананы басқарды. Ол қызметінен босағанда, елорданың жаңа әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

Бұған дейін Астана қаласындағы су тапшылығына байланысты пікір білдірген, Алтай Көлгінов журналистерді су болады деп сендірген болатын.

Астанадағы кейбір аудандарда үйлерге су беруге қатысты мәселе бар. Бұл туралы біз білеміз. Әкімдік бұл мәселемен шұғылданып жатыр», – деді вице-премьер.
Журналист «Астанадағы су тапшылығына қай шенеунік жауап беруі керек?» деп сұрады.

Алтай Көлгінов мұны халық санының тез өсіп жатқанымен байланыстырған еді.

Астана қаласындағы су тапшылығына Президент те назар аударып, қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдаған еді.