Ақтау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Каспий теңізінің тартылуы мәселесін шешу үшін Ақтау қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
7 мусым күні Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткен.
«Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
Бұл шешім «МАЭК» ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
2020 жылдың соңында климатологтардың бақылауы теңіз деңгейінің баяу, бірақ тұрақты түрде төмендеп кел жатқанын байқатты. Оған себеп – жаһандық жылынуға байланысты температураның көтерілуі.
Мамандардың есебі алдағы онжылдықта әлемнің көптеген ірі тұщы және тұзды су қоймаларында су деңгейі айтарлықтай төмендеуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл әсіресе Каспий теңізіне қатысты, оның бетіндегі су тез буланып, қыста су қоймасының солтүстік бөлігінде мұз жамылғысы жоғалып кетуіне байланысты, ауданы күрт қысқаруы мүмкін.