ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері Анапада қонақүй салса, жер телімі тегін беріледі
Фото: kursiv.media
РФ Премьер-Министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко ЕАЭО-ға мүше елдерді «Жаңа Анапа» жалпыресейлік жағажай-отбасылық курорт жобасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды. Ол қонақүй салу үшін жер телімі тегін берілетінін мәлімдеді.
«Жаңа Анапа» жобасына келер болсақ, біз ЕАЭО елдеріне өз елінің атынан қонақ үй салуды ұсынғымыз келеді. Біз жерді тегін береміз және жеңілдіктер болады», деді Чернышенко «Евразия біздің үйіміз» атты көрмеде сөйлеген сөзінде.
Экономикалық даму министрі Максим Решетников «Жаңа Анапа» жобасы 25 мың нөмірді қамтитыны айтты. Жобаны дайындау шеңберінде сәулет-жоспарлау және қала құрылысы шешімдерін әзірлеу бойынша халықаралық деңгейде ашық жалпыресейлік конкурс өткізіледі деп жоспарлануда.
Өз кезегінде Дмитрий Чернышенко Ресейде туризм 25%-ға өскенін, үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
«Экономикалық даму министрлігі әріптестерге өте қызық формат ұсынып отыр. Жаңа қонақүйлердің құрылысы бір жыл ішінде аяқталады. Бұл нөмірлер санын жылдам көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жобаға барлығыңызды шақырамыз», деді Ресей Премьер-Министрінің орынбасары.
Решетников өз кезегінде Ресей – Қазақстан – Өзбекстан елдерінен тұратын Роза Хутор – Шымбұлақ – Әмірсой мемлекетаралық туристік тау маршрутының жобасымен таныстырып, үш демалыс орыны Евразиялық альянс құруға келіскенін мәлім етті.