Иран елдің оңтүстігінде екі жаңа атом электр станциясын салып жатыр

Жарияланды

Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бушер провинциясында екі жаңа атом электр станциясының құрылысы басталды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

«Бушер провинциясында әрқайсысының қуаты 1080 мегаватт болатын 2 атом электр станциясының құрылысы басталды», – деді аймақ губернаторы Ахмед Мұхаммедизаде. Оның сөзін Иранның Tesnim агенттігі келтірді.

Губернатор бұл жобаны ирандық инженерлер мен мамандар толығымен жүзеге асырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Бушер провинциясында 3000 мегаваттық атом электр станциясы орналасқан. 1976 жылы немістер бастаған электр станциясының құрылысы Ислам революциясымен және одан кейінгі Иран-Ирак соғысымен үзілді.

1995 жылы Ресеймен жасалған келісімнің нәтижесінде алғашқы 60 МВт нысандар 2011 жылы пайдалануға берілді. 2015 жылы нысандардың қуаты 3 мың мегаваттқа дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ оқыңыз