Астана халықаралық форумын өткізуге бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл туралы вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.
«Астана форумы біз үшін өте маңызды. Бөлінген қаржы туралы айтатын болсақ, ол 1 млрд теңге шамасында», деді Жамаубаев форум кулуарында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та форумның маңызына тоқталған болатын. Президент 8-9 маусым күндері өтетін жиынның конструктивті талқылау оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдірген еді.