«Семей орманы» алқабында тағы да өрт шықты

Жарияланды
Пожар в Абайской области
Фото: Kursiv.media

Бородулиха ауданымен шекара маңында орналасқан Батпаев орман шаруашылығында өрт шықты. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары «Семей орманы» ММ-нің аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға көмектесуде.

Қазір аумақта жедел штаб құрылған. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өртті сөндіру үшін арнайы техникамен қатар бір тікұшақ атсалысып жатыр. Оның айтуынша, Өскемен қаласынан тағы бір тікұшақ шақырылған.

Ақпаратқа сәйкес, өрт шарпыған жердің аумағы 20 гектар, орман шетінен қашықтығы 11 шақырым.

«Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Соған қарамастан Романовка, Камышенка елді мекендерінің шекарасында жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Ауа райы жағдайы: +34 градус, солтүстіктен соққан желдың жылдамдығы 2 м/с. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жайылуының алдын алуға және жағдайды жоюға бар күшін салуда», делінген хабарламада.

Естеріңізге саламыз, 23 мамырда Ресейде тұтанған өрт «Семей орманы» табиғи қорығын шарпығаны хабарланған болатын. Салдарынан Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған еді. «Семей орманы» табиғи резерватында 3 күн бойы жалғасқан өрт 26 мамырда сөндірілді.

Сондай-ақ оқыңыз