
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Тамар Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», делінген жарлықта.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің орынбасары лауазымына ұсынылған Тамара Дүйсенованың кандидатурасын мақұлдаған еді.
Бейсенбі күні Президент Алтай Көлгіновты ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатқан болатын.