Тоқаев ЕҚДБ басшысымен инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады

Жарияланды
Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Одиль Рено-Бассо Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген болатын.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.

«Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты», делінген хабарламада.

Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында баяндама жасап, жиынның маңызы туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз