Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы құрылды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы құрылды. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы өңірлік орталықты құруға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан мен Грузия елі де үміткер болған. 2019 жылдың қазан айында қорды Алматыда ашу туралы шешім қабылданды.

Бұл орталықтың басты мақсаты – Қазақстан, Армения, Азербайджан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан сынды 9 елде экономикалық әлеуетті дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру.

Алматы әкімі Ерболат Досаев орталық қатысушы елдер арасында білім алмасуға, өңірдің экономикалық әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін айтты.

«Алматыда өмір сүру сапасын жақсартатын нақты белгіленген сттратегиялар бар. Өзінің статегиялық орнадасуы дамыған инфрақұрылмы және бизнеске қолайлы ортасының арқасында қаламыз сауда, инвестиция және ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндік ұсынады. Мүмкіндіктерге жол ашатын қақпа ретінде Алматының әлеуетін зерттеу үшін біз Кавказ, Орталық Азия жән Моңғолиядан келген кәсіпорындарды, инвесторлар мен кәсіпкерлерді шақырамыз», деді Ерболат Досаев.

Алматыдағы бұл кеңсе өңірдегі бірінші әрі адами әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының 17-ші орталығы.

Сондай-ақ оқыңыз