Астана мен Алматыда митингке шыққан бір топ белсенді ұсталды

Жарияланды
Активистов, планировавших митинги в дни международного форума в Астане, задержали в столице и Алматы

Фото: kursiv.media

Елорда мен Алматыда митинг өткізуді жоспарлаған белсенділер ұсталды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Атап айтқанда, 14 белсенді Елордада өтіп жатқан халықаралық форум кезінде митинг өткізуді жоспарлаған. Олар «Алға, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері партияларын тіркеуді және саяси тұтқындарды, оның ішінде белсенді Марат Жаланбаевты босатуды талап еткен.

Төреғожинаның айтуынша, Алматыда Әсет Әбішев, Бибігүл Иманғалиева, Күміс Құлманов, Бауыржан Ахмедов және Сағадат Тәукебаев ұсталған. Елордада Сейілхан Түсбеков, Мереке Нұғманов, Эльвира Бекзадина, Венера Жанбаева, Ғалия Тамабаева, Әлішер Абдурахманов, Бейбіт Тұрсынов, Әсел Оңланбекқызы, Мұратхан Мерон және Сарқытбек Мұстафин ұсталған.

Бұған дейін қазақстандық марафоншы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі, Марат Жыланбаев Астанада екі айға қамауға алынды. Партия белсенділерінің айтуынша, Марат Жыланбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 2 бабы 405-тармағы бойынша «Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» және 1 баптың 258 тармағы «Терроризмді немесе экстремистік қызметті қаржыландыру» бойынша іс қозғалған. Бірақ, оның нақты қандай күдікке ілінгені және 25 мамыр күні не үшін қамауға алынғаны айтылмайды.

Сонымен қатар, белсенділер Астанадағы Еуроодақ елшілігінің алдында бейбіт митингі өткізгеннен кейін Жыланбаевтың үйі тінтуге ұшырағанын айтты.

Бұл белсенділердің бірінші тұтқындалуы емес. Марат Жыланбаев ұзақ жылдар бойы «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын тіркей алмай келеді. Белсенді ҚР Әділет министрлігінің партияны тіркемеу үшін түрлі заң бұзушылықтарды тауып алатынын айтқан.

Марат Жыланбаев әлемдегі ең үлкен үш шөлді жалғыз өзі жүгіріп өткеннен кейін танымалдыққ ие болды. Қазіргі таңда ол саясатпен айналысып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз