Билет бағасын негізсіз қымбаттатқан «Эйр Астанаға» 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: kursiv.media
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасымен бірлесіп, «Эйр Астана» әуе компаниясының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру жүргізуге әуе билеттері бағасының, әсіресе сұраныстың жоғары кезеңі жазғы маусымда негізсіз көтерілуі себеп болған.
Аудит нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының әрекетінде әрбір билеттен жанар-жағармай үшін негізсіз үстеме өндіріп алынған. Солайша әуе тасымалы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша компанияға айыппұл салынған.
«2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Эйр Астана» әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды», делінген агнеттіктің баспасөз хабарламасында.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.