Жаңалықтар

Халықтың депозитінде 1,7 трлн теңге жатыр

2023 жылдың 1-тоқсанында жеке депозиттерде 231,8 млрд теңге көлемінде оң өсім бйқалды. Нәтижесінде халықтың жалпы көлемі 17,1 трлн теңгеге жетті. Бөлшек саудалық депозиттердің одан әрі өсуіне инфляция деңгейінің тұрақталуы және Қазақстан экономикасының өсімі бойынша болжамдардың жақсы сипатқа ие болуы оң әсер етп жатыр. Бұл туралы ҚДКБҚ хабарлайды.

Халықтың теңгелік депозиттерінің өсімі 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 367,8 млрд теңгені құрап, олардың үлесі жеке тұлғалардың бүкіл депозиттерінің 67,3%-ына жетті. Ал халықтың валюталық депозиттері 135,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі алғаш рет ең төмен көрсеткіштерге жетті: биыл 1-тоқсанының соңына қарай 1,2 п.т. төмендеп, 32,7%-дық үлесті көрсетті.

Валюталық салымдардың көлемі мен жалпы долларлану деңгейінің төмендеуі шетел валютасына деген сұраныстың жоқтығын және теңгелік депозиттерге деген қызығушылықтың жоғары екендігін білдіреді. Бұған теңгенің айырбас бағамы қозғалысының тұрақтылығы және болжауға келетіндігі, сондай-ақ теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелердің тартымдылығы септігін тигізуде. 

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері 1 тоқсан барысында өзгерген жоқ. Мұның бір себебі сол, ҚР Ұлттық Банкі инфляциямен күрес аясында базалық мөлшерлемені әлі де 16,75% деңгейінде сақтап тұр.  

Әдеттег, инфляция төмендей бастаған шақта шекті мөлшерлемелер де, банктердік нақты сыйақы мөлшерлемелері де біртіндеп төмендей бастайды. Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта ұзақ мерзімді теңгелік депозиттер анағұрлым тиімді қаржы құралы Депозиторлар сол арқылы ағымдағы жоғары табыстылықты мейлінше ұзақ уақытқа соза алады. Мысалы, қазіргі уақытта теңгелік жинақ депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелері 18,3%-ға жетеді. Депозит нарығының көрсеткіштері де халықтың ұзақ мерзімді салымдарға деген қызығушылығын паш етуде: 2023 жылдың 01 сәуіріне қарай мерзімі 1 жылды құрайтын мерзімсіз салымдардың үлесі 93,4%-ды құрайды. Бұл ретте жинақ салымдар бойынша көрсеткіш – 68,0%, ал мерзімді салымдар бойынша – 42,7%. Нәтиже бойынша халықтың 1 жыл және одан да жоғары мерзімге ашқан салымдарының көлемі 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай 6,7 трлн теңгені құрады.