Тәліптер Ауғанстан мен Иран шекарасында әскери жаттығулар өткізді
Жарияланды

Талибан Иранмен шекарадағы Ауғанстанның Нимроз провинциясында ауыр қару-жарақпен әскери жаттығулар өткізді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Әскери жаттығулар Заранж ауданында кәсіби нұсқаушылардың қатысуымен өтті. Әскери жаттығулардың мақсаты- Талибан күштерінің жауынгерлік дайындығын арттыру.
Тәліптер Ауғанстанда 2021 жылдың тамызында билікке келді. Ауғанстан-Иран шекарасында да екі ел арасында қақтығыстар болып тұрады.
Тақырыпқа орай