Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді, басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратын болады.
«Қазіргі уақытта Абай облысы Семей резерватындағы орман өрті бойынша қазір жағдай тұрақты. Тікұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6.00-дан бастап 8 тікұшақ өртті сөңдіру үшін жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезінде күннің қатты ыстық болуы мен желдің соғуы сәл қиындықтар тудырды. Өрт сөндіру жұмысына барлық құзырлы мекемелер тартылды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мамандары, Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы қол ұшын беруде»-деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.